Жания Бекмұхамбетова Сомбатхейдегі (Венгрия) үстел теннисінен WTT Youth Contender халықаралық турнирде қатарынан екінші жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды Sport+.

Бұл жолы Қазақстан теннисшісі 11 жасқа дейінгілер санатында үздік шықты.

Турнир барысында Жания Сара Сонди (Венгрия) 3:0, Лора Уриа (Испания) 3:0, Александра Бец (Украина) 3:0, Джулия Фернандес (Испания) 3:1, Кармен Гомес (Испания) 3:0, Бьянка Том (Румыния) 3:0 сынды спортшылардан басым түсті.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бекмұхамбетова Сомбатхейдеге жарыста 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында қола жүлдегер атанды.