Түркияның Кайсери қаласында ITF W50 турнирі бастауын алды. Бұл жарысты Зарина Диас жеңіспен бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Алғашқы айналымда Зарина турнирдің бесінші ойыншысы Патриция Мария Тигтен 3:6, 6:4, 6:2 есебімен басым түсті.

Келесі кездесу неміс теннисшісі Пия Прафкемен болмақ.