Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Таиландта өтіп жатқан ITF сериясындағы турнирдің бірінші айналымынан сәтті өтті, деп хабарлайды Sport+.

Заринаның қарсыласы америкалық Анна Роджерс болды. Ойын екі сетте 6:4, 6:4 есебімен Диястың пайдасына аяқталды.

Екінші айналымда қазақстандық теннисші гонконгтық Коди Хон Вон мен корейлік Чан Су Джон арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.