Қырғызстан астанасы Бішкекте баскетболдан 18 жасқа дейінгі FIBA Азия кубогіне іріктеу басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Алғашқы матчта Қазақстан құрамасы Қырғызстанмен кездесіп, 59:42 есебімен жеңіске жетті. 

Енді біздің команда Өзбекстан U-18 құрамасымен кездеседі. 

Айта кетелік, іріктеуде жеңіске жеткен команда Азия кубогінің негізгі кезеңіне жолдама алады.