Хоккейден Қазақстанның жастар құрамасы әлем чемпионатының элиталық дивизиондағы дайындықты жалғастыру үшін Канадаға аттанады, деп хабарлайды Sport+.

Әлем чемпионатының алдында ұлттық құрама Германия және жергілікті «Хоксбери Хокс» жастар клубымен екі жолдастық матч өткізеді.

Бапкерлер штабы жаңа чемпионатқа арналған қорытынды құрамды анықтады. Соңғы тізімге 25 хоккейші енді: 22 ойыншы және үш қақпашы.

Қақпашылар: Джохар Дударкиев, Владимир Никитин (екеуі де – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Данил Лыткин («Барыс U18»).

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Санжар Ибраһим, Глеб Решетько, Даниял Шақшақбаев, Мстислав Шипилин (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Данила Беляков («Торпедо», Өскемен), Бейбарыс Оразов («Барыс», ҚХЛ).

Шабуылшылар: Абзал Әлібек («Филадельфия Ребелс», NAHL), Әділ Бейсембаев, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәлі Русланұлы, Никита Ситников (барлығы – «Снежные Барсы», ЖХЛ), Александр Ким («Бисмарк Бобкэтс», NAHL), Давлат Нұркенов («Эссят U20», U20 SM-sarja), Егор Левковец (ЖХК «Барыс»), Асанәлі Сәркенов («Спокан Чифс», WHL), Семён Симонов («Барыс»).

Айта кетейік, Әлем чемпионаты 2024 жылдың 25 желтоқсан мен 2025 жылдың 5 қаңтар аралығында өтеді.