Қазақстандық ММА жауынгері Жасұлан Әкімжан Фаниль Рафиков пен Мохаммед Хейбати арасындағы жекпе-жекке болжам жасады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Менің ойымша, егер Фаниль жақсы формада болса, онда ол сенімді түрде төрешілер шешімімен жеңіске жетеді. Бірақ Хейбати да осал емес, сондықтан мен Фанильдің жеңу ықтималдығы 60/40 деп бағалаймын», — деді Әкімжан.

Бұл жекпе-жек 18 қазанда Қарағандыда өтетін NAIZA турнирінің басты кездесуі болады.