Қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов әлеуметтік желіде коньки теуіп жүрген видеосын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Шавкат Рахмоновтың америкалық файтер Стивен Томпсонға қарсы жекпе-жекке 25 күн қалғанда жарақат алып қалғаны белгілі болған еді.

Номадтық бапкер Instagram-дағы ресми парақшасында қазақстандық спортшының сол кезде балдақпен жүрген фотосын жариялады.

Генридің айтуынша, Шавкат тобығын ауыртып алғандықтан аяқпен жасалатын соққыларды қолданбапты.

Ал 3 ақпанда қазақстандық файтер Медеу мұз айдынында коньки теуіп жүрген видеосын жариялады.