Сингапурда өтіп жатқан Азия кубогының кезеңінде Қазақстанның ерлер құрамасы садақ атудан финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport+.

Блоктық садақ ату бойынша командалық жарыста еліміздің намысын Андрей Тютюн, Ділмұхаммет Муса және Бунед Мирзаметов қорғап жатыр.

Ширек финалда қазақстандықтар Филиппин командасынан 229:223 есебімен басым түсті.

Ал жартылай финалда мергендеріміз бір ұпай айырмашылығымен Малайзияны жеңді — 232:231.

Финалда Қазақстан құрамасы Үндістанмен кездеседі.