Қонақ үйде «хайп» үшін төбелес шығарған Ануарбек Бекембетов пен Марсель Нұрланбекұлын Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабала жарыстан шеттетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Лигамыздың ұраны: шайқасқың келсе, рингте шайқас! Біз спортшыларды өздерінің жауынгерлік қасиеттерін тек шаршы алаңда көрсетуге шақырамыз. Біз мұндай, спортқа жат мінез-өқлықтың көрінісін айыптаймыз және оны спортшының этикасын бұзу деп санаймыз.
Naiza лигасы төбелеске қатысқандарды дисквалификациялау туралы шешім қабылдады. Бұл жауынгерлер лигамыздың іс-шараларына қатысудан шеттетілді. Спортшыларды өздерінің жауынгерлік қасиеттерін тек ринг ішінде көрсетуге шақырамыз» – деді лига президенті Нұрбек Қарабала.
Айта кетейік, Naiza 59 турнирі 26 сәуір күні, Алматы қаласындағы «Алматы арена» спорт кешенінде өтеді.
Турнирдің басты жекпе-жегінде Көшен Ақанов ресейлік Роман Аркелянға қарсы жұдырықтасады.
