Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Аргентинада өтіп жатқан ITF W50 турнирінде сәтті бастама жасап, алғашқы айналымда жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бірінші раундта Жібек грекиялық Элени Христофиді 6:3, 6:2 есебімен сенімді түрде жеңді.

Енді екінші айналымда Құламбаева колумбиялық Мария Эраса Гонсалес пен аргентиналық Солана Сьерра арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.