Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Аргентинада өтіп жатқан ITF W50 турнирінде ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Жібек турнирдің бірінші ракеткасы аргентиналық Юлия Риераны 6:3, 0:6, 6:4 есебімен жеңе алды.

Енді ширек финалда Құламбаева испаниялық Ирен Бурильо Эскорихуэламен кездеседі.