Қазақстандық Жібек Құламбаева итальялық Николь Фосса Уергомен бірге Аргентинадағы ITF W50 турнирінің финалына өтті, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жартылай финалда бұл жұп Элени Христофи (Грекия) – Юки Наито (Жапония) дуэтін 5:7, 6:4, 10:8 есебімен жеңді.
Ақтық сында Жібек пен Николь жарыстың бірінші нөмірлі жұбы Мария Перес Гарсия (Колумбия) – Аврора Зантедеши (Италия) кездеседі.
Жеке сында Құламбаева испандық Бурильо Эскорихуэлаға 4:6, 3:6 есебімен жол беріп, финалға өте алмады.
