Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасындағы ITF W35 турнирінде жарысты бастады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алғашқы айналымда турнирдің үшінші теннисшісі бразилиялық Каролину Борер Мартинштен 6:1, 6:3 есебімен басым түсті.
Келесі айналымда Жібек испаниялық Виктория Гомеспен күш байқасады.
Бұған дейін Құламбаева жұптық сынды да жеңіспен бастады.
