Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Доминикан Республикасында өтіп жатқан ITF W35 турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Екінші айналымда Жібек испандық Виктория Гоместі 6:1, 6:3 есебімен жеңді.

Ширек финалда Құламбаева неміс теннисшісі Александра Вечичпен кездеседі.