Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева ITF W50 санатындағы Мумбай турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Sport+.

Турнирдің бірінші айналымында Жібек жапониялық Хироко Куватаны 6:2, 6:3 есебімен жеңіп, жарыстың 1/8 финалына жолдама алды.