Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Польшадағы Бытом қаласында өтіп жатқан турнирде алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстандық спортшы словакиялық теннисші Катарина Стреснаковамен кездесіп, үш сетте жеңіске жетті: 6:3, 1:6, 6:3. Ойын екі сағат 31 минутқа созылып, 1/16 финал кезеңінде өтті.
Айта кетейік, 23 жастағы қазақстандық теннисші қазіргі уақытта WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жеке разрядта 427-ші орында, ал Стреснакова 642-ші орында орналасқан.
