Жазғы Қазақстан чемпионатының жеңімпазы Жібек Құламбаева Германияда өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жұптық сайысында өнер көрсете бастады, деп хабарлайды Sport+.
Жібек сербиялық Далила Якубовичпен жұп болып, эстониялық Елена Малыгина мен Алена Фомина-Клоцтан құралған дуэтті 6:2, 6:3 есебімен жеңді.
