Астанада өтіп жатқан Қазақстан Республикасының жазғы теннис чемпионатында қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева финалға шықты, деп хабарлайды Sport+.

Чемпионаттың алтын жүлдесін бірінші ракетка Жібек Құламбаева мен Аружан Сағандықова сарапқа салады.

Аружан жартылай финалда Полина Слепцовадан 6:3, 6:2 есебімен басым түссе, Жібек Інкәр Дүйсебайды 6:1, 6:3 есебімен жеңді.