Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Сербиядағы ITF сериясы турнирінің ширек финалындағы кедергіні еңсерді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Құламбаеваның қарсыласы Румыния өкілі Кармен Андреа Эреа болды. Матч қазақстандық спортшының 6:3, 6:4 есебімен екі сетте жеңіске жетуімен аяқталды.

Финалға шығу үшін Жібек Чехия елінің өкілі Михаэла Байерловамен бақ сынасады.