Жібек Құламбаева теннистен Солапур қаласында (Үндістан) өтіп жатқан ITF W35 турнирінің финалына шыға алмады, деп хабарлайды Sport+  Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық теннисші жартылай финалда әлемдік рейтингте 924-орында тұрған таиландтық Буньяви Тамчайватпен кездесті.

Бірінші кезеңде Таиланд спортшысы айқын басымдылық танытты. Есеп - 6:1. Екінші кезеңде Жібек 4:0 есебімен алға шықты. Алайда бұл басымдылықты ұстап тұра алмай, нәтижесінде 4:6 есебімен жол берді.