Қазақстандық ММА жауынгері Жалғас Жұмағұлов Чехияның OKTAGON лигасында дебют жасады, деп хабарлайды Sport+.

Өзінің алғашқы жекпе-жегінде қазақстандық спортшы валийлік Аби есімді қарсыласын үш рет нокдаунға жіберді, бірақ қарсыласы жекпе-жек соңына дейін шыдады.

Нәтижесінде, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіс Жалғас Жұмағұловқа берілді.