Жүзуден Қазақстан құрамасының спортшысы Ғалымжан Балабек Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде ел намысын қорғап жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандық спортшы 400 метрге еркін әдіспен жүзуде 3:47.13 уақыт нәтижесін тіркеп, 12-орынға тұрақтады. Осы көрсеткіші арқылы Ғалымжан Балабек Қазақстан рекордын жаңартты.

АҚШ өкілі Карсен Фостер алтын медаль жеңіп алды — 3:37.39. Күміс жүлде бельгиялық Лукас Пьер А. Энвоға бұйырды — 3:37.74. Ал Мэттью Колдуэлл (ОАР) үздік үштікті түйіндеді — 3:40.95.

Айта кетейік, әлем кубогының кезеңі 10 қазанға дейін жалғасады.