Туризм және спорт министрлігі Парижде өтетін 2024 жылғы Олимпиаданың жүлдегерлеріне төленетін ақшалай сыйақы мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Алтын медаль иегерлеріне 250 мың доллар, күміс жүлдегерлерге – 150 мың доллар, қола жүлдегерлерге – 75 мың доллар беріледі. Сонымен қатар, төртінші, бесінші және алтыншы орындар үшін сәйкесінше 30, 10 және 5 мың доллар көлемінде премиялық ақылар қарастырылған.
Сондай-ақ, алдыңғы күні белгілі болғандай, боксшылар өздерінің федерацияларынан қосымша сыйақы алады. Жиынтықта, төртжылдықтың негізгі ойындарында чемпион боксшы 470 мың доллар ала алады. Теңгемен бұл шамамен 210 миллионды құрайды.
