«Адана Демирспор» түрік клубының қазақстандық шабуылшысы Абат Айымбетов Түркия чемпионатындағы өзінің кезекті голын соқты, деп хабарлайды Sport+.

Абат «Хатайспор» қақпасына дәл соққы бағыттап, кездесудегі есепті өзінің командасының пайдасына 3:1 етті.

Бұл гол Айымбетов үшін Түркия Суперлигасы аясында соңғы үш матчтағы үшіншісі болды.