Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиевтің қызметтері Ресейдің «Орынбор» және «Парин НН» клубтарына ұсынылды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Sport24 сайтына сілтеме жасап.

Адиев 2024/2025 маусымының алдында Қазақстан құрамасынан кетіп, туған командасы «Ахматты» басқаруға шешім қабылдады, алайда нашар нәтижелерге байланысты қыркүйек айының басында орнын босатты.