Қазақстандық жеңіл атлет Аяна Болатбекқызы Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 800 метрге жүгіру сайысында ел намысын қорғады. 

Аяна ақтық сында 2:11.35 уақыт көрсеткішімен алтыншы орынға табан тіреді.

Алтын медальді өзбекстандық Джонбиби Хукмова жеңіп алды — 2:08.41. Екінші орынға Куруми Сугурэ (Жапония) ие болды — 2:09.42. Үндістандық Бхумешвори Деви Хуйдром үздік үштікті түйіндеді — 2:10.20.