«Порту» Португалия чемпионатының екі турынан кейін 100 пайыз нәтиже көрсетіп отыр, сонымен қатар жаңа маусымда «айдаһарлар» әлі ешқандай гол жіберген жоқ.
Үшінші жеңіске жеткен жағдайда «Порту» 9 ұпаймен көш бастап келе жатқан «Спортингті» қуып жетеді.
«Айдаһарлардың» қарсыласы — «Каса Пиа», олар бірінші турда жеңіліп қалып, екінші турда қонақта жеңіске жетті.
Өткен маусымда «Порту» «Каса Пианы» екі рет жеңген болатын.
Олардың жаңа кездесуі 24 тамыз күні сағат 22:00–де басталады.
Ойынның тікелей трансляциясы sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.
