Қазақстандық таеквондошы Айдана Құмартаева Муджу қаласында өткен әлемдік Гран-при кезеңінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport+.

Ол 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздік үштіктің қатарына енді.

Айта кетейік, жарысқа әлемнің 46 елінен 248 таэквондошы қатысып жатыр.