Азия Чемпиондар лигасының өткен жылғы жартылай финалистері «Әл-Айн» (БАӘ) және «Әл-Хилял» (Сауд Арабиясы) бір ойында тоғыз гол соқты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қызықты ойында «Әл-Хилял» 5:4 есебімен жеңіске жетті. Жеңімпаздар құрамында Салем Әл-Давсари хет-трик авторы атанды, сонымен қатар Ренан Лоди мен Сергей Милинкович-Савич мергендіктерімен көзге түсті.
«Әл-Айн» сапында нәтижелі соққыларды Суфиане Рахими (дубль) және Матео Санабрия жасады.
