26 маусым күні Түркістанда «Alash Pride» 109 турнирі өтеді. Бұл турнир аясында лиганың 77 келі салмақ дәрежесіндегі уақытша чемпион белдігі сарапқа салынады.
Аталған белдік үшін ресейлік Акбар Гаджиекберов (18-9) пен молдовалық Миха Бачу күш сынасады.
Сондай-ақ турнирге лиганың жұлдызды файтерлерінің бірі — Бобур Абдулазизов қатысады. Ол октагонды Әзірбайжан өкілі Эльнур Азизовпен бөліседі. Сонымен қатар Мухаммадризвон «Кипиш» Кахоров та жекпе-жекке шығады.
«Кипиш» лиганың ең көп талқыланатын жекпе-жектерінің бірін өткізіп, Өзбекстан өкілі Одильхон Камоловпен кездеседі.
Турнирдің басталуы — сағат 20:00. Тікелей трансляцияны Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және YouTube желісіндегі sportplustv\\_qaz арнасынан көруге болады.
