Өскеменнің «Алтай» футбол клубы Қазақстан Премьер-лигасының 17-туры аясындағы сырт алаңдағы кездесуде «Жетісуды» 1:0 есебімен жеңді.
Матчтағы жалғыз гол 6-минутта соғылды. «Алтай» сапындағы Ибрагим Дадаев пенальтиден дәл соққы жасап, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша, өскемендік ұжым сырт алаңнан маңызды үш ұпай еншілеп, турнирлік кестедегі жағдайын жақсартуға мүмкіндік алды.
