«Ордабасы» футбол клубының бас бапкері Андрей Мартин шымкенттік клубтың құрамына қосқысы келетін ойыншылар мен өзімен бірге жұмыс істейтін жаттықтырушылар штабы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sport+.

— Бапкерлер штабына кімдер енеді?

— Екі шетелдік маман және екі молдавиялық.

— Молдавиялық мамандар кімдер?

— Әзірге айта алмаймын, өйткені кейбірінің жарамды келісімшарты бар.

— «Ордабасыға» қосу жоспарланған молдавиялық ойыншылар бар ма?

— Ойыншылар бойынша келіссөздер жүріп жатыр. Біріншісі — Виктор Мудрак. Екіншісі — қақпашы Дмитрий Челядник. Басқа да ойыншыларды шақыру мүмкіндігін қарастырамыз.