Ақтауда дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған Азия ашық кубогы басталды. Халықаралық дзюдо федерациясының (IJF) ресми күнтізбесіне енгізілген бұл дода 11-12 қазан аралығында өтеді.

Турнирге Әзербайжан, Беларусь, Гонконг, Иран, Қырғызстан, Моңғолия, Тәжікстан, Өзбекстан, Қазақстан және Халықаралық дзюдо федерациясының құрамасынан 200-ден астам татами шебері қатысады.

Азия кубогы Халықаралық дзюдо федерациясының ережелеріне сәйкес өткізіледі және рейтингтік мәртебеге ие. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер әлемдік рейтингке ұпай келесідей ұпайлар қосылады:

I орын — 100 ұпай

II орын — 70 ұпай

III орын — 50 ұпай