«Ақтөбе» футбол клубы елордалық «Жеңіс» командасына қарсы ойынның билетінен түскен қаржыны су тасқынынан зардап шеккендерге аударды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
31 наурызда Қазақстан Премьер лигасының 3-туры аясында «Ақтөбе» ұжымы өз алаңында «Жеңісті» қабылдады. Бұл ойынға футболшылар су тасқынынан зардап шеккендерді қолдау мақсатында «Күшіміз – бірлікте« атты жейдемен шықты. Сондай-ақ «Ақтөбе»клубы матчтың билетінен түскен қаражатты қайырымдылыққа жұмсамақ.
«Футбол клубының басшылығы «Ақтөбе» мен «Жеңіс» матчының билетінен түскен қаражатты облыстағы төтенше жағдайдан жапа шеккендерге аудару туралы шешім қабылдады», – делінген «Ақтөбе» командасының Instagram-дағы парақшасында.
