«Ақтөбе» 9-турдағы «Қайсарға» қарсы матчқа үлкен шығындармен келіп отыр — Бағдат Қайыров, Даниэль Соса, Дмитро Топалов, Талғат Құсяпов, Еркебұлан Сейдахмет, Никита Корзун және Данило Митрович командаға көмектесе алмайды.
«Қайсар» сапынан команданың басты «жұлдызы» Виктор Мозес кетіп қалды.
Алайда «қызыл-ақтардың» жағында олардың жанкүйерлер армиясы бар.
Матчтың басталуы — сағат 17:00–де. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.
