«Ақтөбе» махачкаланың «Динамосына» қарсы жолдастық кездесуде жеңіліске ұшырады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Ойын «Динамоның» пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. «Қызыл-ақ» сапында жалғыз голды Әділхан Танжарықов соқты.

«Динамо» Ресей бірінші лигасында көшбастап, Премьер-лигаға шығуға басты үміткер болып саналады.