Сүйінші хабарды журналист Ербол Сейілхан Facebook парақшасында жариялады.
«Марат Қойлыбаев ағам мәрт екен. Ұлт жанашыры, Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Марат Қойлыбаев грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевқа сый-сыяпатын жасады. Демеудің жеке бапкері Боранбек Қоңыратовты да ренжітпепті. Оған да 10 миллион берді. Міне, алаштың бір ұлы деп қолдап, қолтықтан демейтін осындай жөн, жол білетін ел ағалары көп болсын», - деп жазды ол.
Айта кетейік, Алматы облысының әкімдігі Демеу Жадыраевқа 3 бөлмелі пәтер мен 10 млн теңгенің сертификатын табыстаған еді.
