Қазіргі таңда Германияның Дуйсбург қаласында 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында академиялық ескек есуден әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық Артем Матусевич жеңіл салмақтағы ерлер арасындағы жекелей сынның (LM1x) жартылай финалында сәтті өнер көрсетті.
Отандасымыз өз жарысында 07:07.75 уақыт көрсеткішімен екінші орын алып, шешуші кезеңге жолдама алды.
Айта кетейік, осы бағдарлама бойынша финалдық жарыс 26 шілдеде өтеді.
