Астанада футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 19-турынан кейінге шегерілген матч өтті, деп хабарлайды Sport+.

«Астана» мен «Қайсар» арасындағы кездесу алаң иелерінің ірі жеңісімен аяқталды — 5:1. «Астананың» голдарын Марочкин, Эбонг, Камара, Грипши және Томасов соқты.

«Қайсар» сапынан жалғыз голды Нұрдәулет Ағзамбаев еншісіне жазды.