Astana Qazaqstan Team велокомандасы Бельгияда өтетін «Реневи Тур» көпкүндік веложарысына құрамын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Жарыста команданың капитаны болып италиялық Альберто Беттиоль тағайындалды. Құрамда сондай-ақ Микаэль Меркев, Дмитрий Груздев, Евгений Гидич, Макс Кантер, Рюдигер Зелиг және Глеб Сырица бар. Жарыстағы спорттық директорлар Стефано Занини мен Сергей Яковлев болады. «Реневи Тур» 28 тамыздан 1 қыркүйекке дейін өтеді.
30 жастағы Альберто Беттиоль Astana Qazaqstan Team командасымен келісімшартқа 2024 жылғы 15 тамызда қол қойған болатын.
