Халықаралық әйелдер күніне орай Астана қаласында ат спортының конкур түрінен қыздар арасында ашық біріншілік өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Астана қалалық спорт басқармасы мәлім еткендей, еліміздің түкпір-түкпірінен келген бұрымдылар 8 наурыз күні «Арғымақ» ат-сауықтыру спорт кешенінде кіл мықтыларды анықтайды.
Олар сайыстың 6 бағдары бойынша сынға түседі.
• №1 маршрут «Ашық класс санаты»
• №2 маршрут «Жастар санаты»
• №3 маршрут «Әуесқойлар санаты»
• № 4 маршрут «4 жасар жас жылқылар санаты»
• №5 маршрут «5 жасар жас жылқылар санаты»
• №6 маршрут «6 жасар жас жылқылар санаты»
Жарыстың жалпы жүлде қоры – 6 млн теңге.
