Астанада өтіп жатқан семсерлесуден (шпага) Әлем кубогында қазақстандық Руслан Курбанов күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Финалда жерлесіміз Украина құрамасының өкілі Роман Свичкарға жол берді.

Шешуші кездесу 15:12 есебімен Свичкардың пайдасына аяқталды. Осылайша, Руслан Курбанов жарысты екінші орынмен түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Курбанов Германияның Хайденхайм қаласында өткен Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.