Астанада тректегі велоспорттан қысқы ел чемпионаты басталды. Жарыстар омниум бойынша өткізіледі, деп хабарлайды Sport PLus Qazaqstan.
Бағдарламаға ерлер, әйелдер, жасөспірімдер және қыздар арасындағы спринтерлік омниум және көпкүндік жарыс, сондай-ақ спринт, кейрин және топтық түрлер бойынша (15-16 жастағы жасөспірімдер мен қыздар) республикалық жарыстар кіреді.
Жарыстар «Сарыарка» республикалық велотрегінде өткізіледі. Жарысқа еліміздің 15 өңірінен 188 спортшы қатысуда. Ең көп велошабандоздар саны — 36 адам — Астанадан, ең азы — 1 адам — Алматы қаласынан.
Жарыстар 8 сәуірде аяқталады.
