World Athletics жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы әлем чемпионаттарының алдағы үш турнирінің өтетін орындарын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

2028 жылы әлем чемпионаты Үндістанда өтсе, 2029 жылы Қытайда ұйымдастырылады. Ал 2030 жылы турнирді Астана қаласы қабылдайды.