«Атлетико Мадрид» соңғы жеті жылда алғаш рет Испания кубогының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

«Атлетико Мадрид» өзінің Метрополитано алаңында «Севильяны» қабылдап, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Бұл жеңіс мадридтіктердің жартылай финалға өтуіне мүмкіндік берді.

Командаға жеңісті Мемфис Депайдың екінші таймның 79-минутында соққан голы сыйлады. Бірінші таймның 26-минутында Антуан Гризман пенальтиді жүзеге асыра алмай қалған.

Диего Симеоне шәкірттері 2016/2017 жылғы маусымнан бері турнирдің жартылай финалында ойнамаған. «Атлетико Мадрид» Испания кубогын соңғы рет 2012/2013 жылғы маусымда жеңіп алды.