«Атырау» футбол клубы қазақстандық футболшы Аслан Әділмен келісімшартқа отырғаны туралы жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Аслан Әділ - «Жетісу» футбол клубының түлегі, аталмыш команда сапында ол Қазақстан чемпионатында дебют жасады. 2022 жылғы маусымды Аслан «Каспийде» өнер көрсетіп, өткен маусымда «Жетісуға» қайта оралды.

2023 жылы Әділ 21 матч өткізіп, 2 голмен көзге түсті. Жартылай қорғаушы ел чемпионатының жы лдам ойыншыларының бірі болып саналады.