Olimpbet QFL Қазақстан Кубогының бірінші финалисі анықталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Трофейдің қазіргі иегері «Тобыл» сырт алаңда «Атырауға» есе жіберді. Есеп 4:0. Голдарды Якоб Новак, Ринат Джуматов және дубльдің авторы Николай Сигневич атанды.

Бірінші ойын 1:0 есебімен қостанайлықтардың жеңісімен аяқталған еді, алайда қарымта кездесудегі жеңіс арқасында финалға «Атырау» шықты.

Финалға өткен келесі команда «Елімай» — «Ақтөбе» жұбында анықталады.