Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Бейбарыс Ерсейіт Өзбекстанның Ташкент қаласында өтіп жатқан 17 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы 65 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 281 келі (129+152) көтеріп, алтын медальға ие болды.

Айта кетейік, Ерсейіт жұлқа көтеруде де үздік атанды. Спортшының екі нәтижесі де U17 санатындағы Азия рекорды ретінде тіркелді.