Түркістан қаласындағы халықаралық есу арнасында байдарка мен каноэде ескек есуден көктемгі Қазақстан чемпионатынында марафоннан үздіктер анықталды, деп хабарлайды Sport+.

Мұнда спортшылар 5000 метрге жарысады. Бұл шыдамдылық пен күш-жігер саналатын ең ұзақ қашықтық саналады.

Байдарка, 5000 метр, ерлер: 

1. Кирилл Тубаев (Қарағанды облысы) 

2. Владимир Картушин (ШҚО) 

3. Жахонгир Жамедов (Шымкент қаласы) 

Каноэ, 5000 метр, ерлер:

1. Сергей Емельянов (Шымкент қаласы) 

2. Тимофей Емельянов (Шымкент қаласы) 

3. Владислав Руденко (Алматы облысы) 

Байдарка, 5000 метр, әйелдер:

1. Стелла Суханова (Шымкент қаласы) 

2. Татьяна Гладкова (Түркістан облысы) 

3. Татьяна Токарницкая (Алматы қаласы) 

Каноэ, 5000 метр, әйелдер:

1. Мария Бровкова (БҚО) 

2. Маргарита Торлопова (ШҚО)

3. Мария Карманова (Қарағанды облысы) 

Айта кетейік, бұл байдарка мен каноэде ескек есуден көктемгі ел чемпионатындағы соңғы бағдарлама болды.