Грек-рим күресінің шебері Темірлан Тұрдақын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан U23 жас санатындағы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан 87 келіге дейінгі салмақта алтын медаль үшін бақ сынайды.
Тұрдақын жартылай финалда ресейлік Александр Крикуханы жеңіп, ақтық сынға жолдама алды. Финалда ол Иран өкілі Ясин Әли Яздимен күреседі.
Айта кетейік, бұған дейін Айбек Айтбеков (60 келіге дейін) және Юсуф Ашрапов (72 келіге дейін) алтыннан алқа таққан еді.
